Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Балық аулаудың да тәртібі бар

Балық аулаудың да тәртібі бар

Қызылорда облысында балық шаруашылығы бойынша маңызы бар 201 су айдындары бар. Олардың 174-і кәсіпкерлерге жануарлар дүниесін пайдалануға берілген, қалғандары резервте. Балық аулау «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР-ның  9.07.2004 жылғы №593 Заңымен және  Балық аулау қағидаларын бекіту туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-04/148 бұйрығыменреттеледі.
Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын тасымалдау
кезіндегі қойылатын талаптар (растайтын құжаттар)
1) Ветеринариялық анықтама ҚР АШМ-нің 21.06.2015 жылғы№7-1/453 бұйрығымен  бекітілген.                               
2) Жүк құжат (ҚР Қаржы министрінің 26.12.2019 жылғы №1424 бұйрығының 2-қосымшасының 1-тарауында 2-тармағы 1-тармақшасында)                             
3) Нысан бойынша шот-фактура ҚР Қаржы министрінің 22.04.2019 жылғы №370 бұйрығына 2-қосымшасына сәйкес. «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР-ның 09.07.2004  жылғы  №593 Заңының 27-бабында жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтарымен міндеттері көрсетілген.
Балық аулауға заңды түрде рұқсаты бар балықшылар
Рұқсат (балық шаруашылығы су айдындары және учаскелері);     
Жолдама (бекітіліп берілген су айдындарында);
Жеке басты куәландыратын құжат.
Балық аулауға тыйым салынған уақыт
1). Сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуiр мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта;
2). Кiшi Арал теңiзiнiң су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
3). Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден10 маусымды қоса алғандағы аралықта;
4). Сарышығанақ және Бутаковка шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін балық аулауға тыйым салу енгізілген.
Әуесқойлық (спорттық) балық аулау
Бір балық аулаушыға 5 (бес) данадан аспайтын ілмектері бар қармақтардың барлық жүйелерімен және атауларымен (жылтырауық, қармақ, жыртқыш балықтарды аулауға арналған қармақтар, спиннингтер), су асты аңшылығына арналған қарумен, сондай-ақ бір балық аулаушыға үш данадан аспайтын шаяндар мен басқа да су жануарларын аулауға арналған арнайы аспаптармен, қақпандармен және секреттермен жүргізіледі.
Бір балықшы бір шыққанда бес килограмға дейін алып шыға отырып, балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерiнiң резервтiк қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау қандай да бiр рұқсатсыз жүзеге асырылады.
Бахтияр БАЛЖАНОВ,
Арал-Сырдария облысаралық бассейндік
балық шаруашылығы
инспекциясының бас маманы

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
25 желтоқсан 2024 ж. 76 0