Тағамнан уланудың алдын алу жөнінде маман кеңестері

Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тамақтан улануды болдырмау үшін тамақтану гигиенасының, тағамды сақтау мен дайындаудың қарапайым ережелерін орындау қажеттігін ескертеді:
- жеке гигиена ережелерін сақтау;
- қолды жиі жуу, әсіресе қоғамдық орындар мен дәретханаға барғаннан кейін;
- тамақ дайындау кезінде бір рет қолданылатын резеңке қолғапты қолдануға болады;
- ас үй ыдысын, плитаны, үстелдің бетін, раковинаны, тақтайшаларды арнайы құралдармен жуу және таза ұстау;
- тамаққа қолданылатын өнімдерді өңдеу және сақтаудың барлық ережелерін сақтау тиіс;
- жаңа және дайын өнімдерді өңдеу үшін әр түрлі пышақ пен кесу тақтайларын пайдалану керек;
- өнімдерді жәндіктер мен кеміргіштерден қорғау. Азық-түлік ашық жерде, еденде сақталмау тиіс;
- өнімдерді ауаның түсуінен барынша оқшаулап, ыдысты қақпақпен жауып, ыдыс-аяқ пленкамен жабылу қажет;
- қоқыс шелегін дезинфекциялау құралдарымен өңдеп, оны қақпақпен жауып, қоқыстан жиі босату керек;
- ұсақ туралған ет пен балықты суда ерітуге болмайды;
- барлық жұмыртқаның қабығын хлорамин ерітіндісімен немесе содасы бар жылы сумен жуыңыз. Таза судың мол ағынымен шайыңыз;
- жеміс-жидектер мен көкөністерді сірке суы (1 литр суға 3-4 ас қасық) араласқан суға салып, содан кейін ағынды сумен жуыңыз.
Тамақтан уланудың алдын алу олардың салдарларымен күрескеннен гөрі жеңіл. Азық-түлікті қайдан сатып алсаңыз да, сатушы олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Азық-түлікті сатып алған кезде мынаған назар аударыңыз:
- өнімдер орамасының бүтіндігін;
- сыртқы түрі мен пішінінің дұрыстығына;
- өнім орамасында көрсетілген жарамдылық мерзіміне қараңыз.
- консервіленген, кептірілген және мұздатылған өнімдерді белгіленген мерзімге дейін ғана қолданылады. Өнімнің сапасы (дәмі, сыртқы түрі және иісі) қолданылу мерзімі аяқталған соң нашарлайды. Тамақтан уланбау үшін азық-түлік сатып алғанда, сақтаған кезде және дайындаған мезетте алдын алу шараларын орындау қажет. Тағамдарды жылумен өңдеу – тағамнан улануды болдырмаудың бірден-бір жолы. Алайда профилактикалық қауіпсіздік шаралары қаншалықты мұқият сақталса да, азық-түлік өнімдеріндегі микроорганизмдердің болатынын ескеру қажет. Сондықтан қауіпсіздік үшін жеткілікті жылумен өңдеу өте маңызды.
А. САТЕКЕЕВА,Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы
Сурет: aqmeshit-aptalygy.kz