Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Желшешектің алдын алу шаралары

Желшешектің алдын алу шаралары

Желшешек-адамнан адамға жұғатын , ауа тамшысы  арқылы берілетін,бүкіл дененің ноқатты түйінді бөртпесімен көрінетін,ең кең таралған жұқпалы ауру .
Желшешек ауруының көзі-тек қана науқас адам.  Аурудың жасырын кезеңінің ұзақтығы 10 күннен 21 күнге дейін созылады,орташа 13-17 күн. Ауру адам айналасына инкубациялық кезеңнің соңғы күндерінен бастап,бөртпе кезеңінің барлығында қауіпті. Қауіптілік кезеңі соңғы бөртпе пайда болғаннан кейін, 3-5-ші күні аяқталады.
Желшешекпен адам барлық жаста ауыра береді,оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар жиі ауырады. Оның басты себебі ,аурудың жоғары жұқпалығына байланысты, басым көпшілігі бала жаста ауырады, ауырғандарда тұрақты иммунитет қалыптасып, қайтадан ауырмайды.
Аурудың кең таралуының бірден-бір себебі  аурудың жоғары контагиоздылығы (жұқпалылығы).Ауруға 75-90%-ға дейін 15 жасқа дейінгі балалар шалдығады. Олардың 80% мектеп жасына дейінгі балалар. Балалар мекемелеріндегі сәбилер басқаларға қарағанда жиі ауырады. Ауруға шалдығу жылдың суық кезеңінде ең жоғары деңгейде болады.
Ауру қоздырғышы-вирус адам ағзасына  жоғарғы тыныс жолдары арқылы енеді, ауру адам жөтелгенде, түшкіргенде  ауа арқылы адамнан адамға жұғады.
Аурудың клиникалық белгілері: жедел басталады, дене қызуы 380С-қадейін көтеріліп, адам әлсірейді, Бет терісінде, бастың шашты бөлігінде, шырышты қабықтарда денеде 2-4 мм көлемде болатын қызыл дақ пайда болып, ол бірнеше сағаттардан кейін сол дақтардың орны күлбірей суланып,нүктелі сулы бөртпелерге айналады,1-2 күннен кейін олардың сырты  қабыршақтанады да, із қалдырмай, түсіп қалады. Бөртпелер қатты қышиды.Әрбір бөртпе шыққан сайын дене қызуы көтеріліп,баланың хал-ахуалы бұзылады. Бөртпелерді қасу мен қабыршақтарын сыдыру-жарақаттарға жұқпа түсіп, олардың  іріңдеуіне әкеліп соғады.
   Желшешектің  қоздырғышы қоршаған ортады тез өледі,әсіресе,жоғарғы температураға төзімсіз , 50-52 0С температурада 30 минуттың ішінде жойылады.
Алдын алу шаралары. Жұқпамен негізіненмектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар ауыратындықтан, балалар мекемелерінде індетке қарсы тәртіпті сақтау мен жүргізуге баса назар аударылады. Ең бастысы балалар ұжымына  ауру көзін енгізбеу (таңертеңгілік сүзгі жұмысын сапалы жүргізу, сұрау, дене қызуын өлшеу)
 Желшешекпен науқастанған  адам  ауырған сәтінен бастап 9 күнге оқшауланады, науқаспен жақын байланыста болған адамдар 21 күн медициналық бақылауға алынып, дәрігер тексеруінен өтеді. Үй-жайларда күнделікті ылғалды  жуып-шаю жұмыстары жүргізіліп, желдетіледі. 
Адам өмірінде желшешекпен бір-ақ рет ауырады: балалық шақта желшешекті бастан өткізген адам науқастанған адаммен қорықпай араласа беруіне болады – ол үшін вирус қауіпсіз.
А. САТЕКЕЕВА,
Арал аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы    

Сурет: Нұрболат Нұржаубай

                                    
22 қаңтар 2025 ж. 53 0