Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АЛИМЕНТ – БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ, АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ

АЛИМЕНТ – БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ, АТА-АНАНЫҢ МІНДЕТІ

Алимент – бұл тек заңмен белгіленген міндет қана емес, ата-ананың балалары алдындағы адамгершілік борышы. Балалардың дені сау, толыққанды өмір сүруі, жақсы білім мен тәрбие алуы – әрбір ата-ананың басты міндеті. Алайда, қоғамда бұл жауапкершілікті мойындамай, алимент төлеуден жалтарушылар саны аз емес. Мұндай мәселені шешу үшін статистикалық деректерді талдап, алимент мәселесінің ауқымын түсіну маңызды.
Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексіне сәйкес, ата-аналар балаларын асырауға міндетті. Алимент төлеу тек қаржылық қолдау емес, ол баланың психологиялық және әлеуметтік дамуына оң ықпал етеді. Әкенің немесе ананың қатысуы мен қолдауы бала үшін өте маңызды, ал алимент төлеу бұл байланыс сақталатынының бір белгісі болуы тиіс.Алайда, алимент мәселесі тек жеке тұлғалар арасындағы мәселе емес, ол қоғам мен мемлекет үшін де өзекті тақырып. Алимент төлемеу баланың болашағына теріс әсер етеді, әрі оның әлеуметтік-экономикалық жағдайын қиындатады. Аудандағы алимент төлеу мәселесі маңызды назарға алынғаны белгілі. Осы тұста статистикалық мәліметтерге сүйенсек, алимент өндіру санатында жалпы 1 637 балаға қатысып 897 атқару құжаты болып, оның 51 атқару құжаты аяқталды, 1 582 балаға 846 атқару құжаты және қалдықта 22,0 миллион теңге қарыз қалған.
Алимент төлемеу тек моральдық емес, сонымен қатар заңды жауапкершілікті де талап етеді. Қазақстанда алимент төлемегені үшін келесідей шаралар қарастырылған:
  •        Мүлікті тәркілеу;
  •        Шетелге шығу құқығын шектеу;
  •        Айыппұлдар мен әкімшілік қамауға алу;
  •        Қылмыстық жауапкершілікке тарту.
Осы орайда, аудандық прокуратурамен алимент қарыздарын төлету бағытында тиісті жұмыстар жүргізіліп, талдау нәтижесімен орын алған заңбұзушылықтарға байланысты Қызылорда облысы бойынша жеке сот орындаушыларөңірлік палатасына заң бұзушылықты жою туралы ұсыну енгізіліп нәтижесінде екі жеке сот орындаушысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Соның аясында жеке сот орындаушылармен қаскөй борышкерлердің әкімшілік жауапкершілігін шешу мақсатында аудандық полиция бөліміне ұсыныс беріліп, нәтижесімен 16 борышкер әкімшілік жауапкершілікке алынды. Сонымен қатар 09.02.2024 жылы АПБ-мен борышкер А.С. қатысты ҚК-нің139-бабымен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесімен қылмыстық іс сотқа жолданылып, соттың 07.03.2024 жылғы үкімімен А.С 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалып, солмерзімге пробациялық бақылау белгіленген. Осыған ұқсас деректермен тағы 4 адам жауапкершіліктің жүгін арқалап  қылмыстық іске тартылған болатын.
Осындай тыңғылықты тірліктің арқасында, прокурорлық ден қою шаралары аясында қалыптасқан алимент қарыздың 10 294 913 теңгесі өндіріліп, қалған қарыздарды төлету бағытында тиісті шаралар жүргізіліп келеді.
Сондай-ақ жұмыссыз борышкерлерді жұмыспен қамту бағытында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен З.Шүкіров атындағы мәдениет
үйінде «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі іс-шарасы өткізіліп, сәйкесінше 3борышкер жұмысқа орналасып, қалған жұмыссыз борышкерлерді есепке алу жұмыстары және оларды арнайы жолдамамен жұмысқа орналастыру шаралары атқарылды. Бұл бағыттағы бастамаларды жалғастыру мақсатында «Арал ауданының Мансап орталығы» филиалымен Арал қаласы, З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде бос жұмыс орындарыжәрмеңкесі өткізіліп, жұмыссыздарды есепке алу шаралары ұйымдастырылған.
Осы орайда, 5 борышкер жұмысқа орналастырылып қалыптасқан жалпы 5,7 миллион қарыздың 1,1 миллион сомасы өндірілді. Осы сияқты аталған бағытта аудандық прокуратураның жедел құрамымен кездесу жұмыстары жүргізіліп, борышкерлергеа заң талаптары мен «eGov mobile» мобильдік қосымшасы арқылы 6 айдан 12 айғадейінгі мерзімге өздерінің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуын ерікті түрде шектеуге өтініш бере алатыны түсіндірілді. Ол өз кезегінде алиментке қарыз болу жолын кесіп, балалардың әлеуеті мен әлеуметін көтеруге септігін тигізері анық.
Осы ізгілікті істің іркелмеуі жолында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен бірлескен түрдежеке сот орындаушылар және полиция қызметкерлерімен күнделікті рейдтік шаралары ұйымдастырылуда.
Түйін:
Алимент – бұлата-ананыңзаңды да, адами да борышы. Баланың дамуы, болашағы, тіпті қоғамдағы орны да ата-ананың қолдауына тікелей байланысты. Әрбір ата-ана өзінің бұл міндетін ұмытпай, балалардың өмір сүруіне лайықты жағдай жасауы қажет.
Алимент төлемеу тек баланың ғана емес, қоғамның да мәселесі екенін ұмытпайық. Әр бала бақытты өмір сүруге лайық, ал олардың болашағына жауапкершілік – біздің ортақ міндетіміз.
А. ЖАНЕСЕНОВА
Аудандық прокуратураның аға прокуроры,
кіші әділет кеңесшісі

Сурет: Нұрболат Нұржаубай
26 қаңтар 2025 ж. 41 0