Текті сөздің төресі
![](/uploads/posts/2025-01/medium/1738305758_111.jpg)
Мәдениет саласының ардагері Төребеков Жақсыбай қатысып:
–Дәстүрлі орындаушылық өнерде өзіндік үнін қалыптастырып, тыңдаушысын тәнті еткен сұңғыла жыршы Рысбек Әшімов ұлттық өнердің өркен жаюына зор үлес қосты. Осындай белгілі тұлғалар есімін ұлықтап, асыл мұраларымызды бүкіл елге паш ету мақсатында және рухани мұрамызды молайту жолындағы игі істеріңіз сәтімен болғай, – деп, ізгі лебізін арнады.
Шарада термешінің шәкірті Серікқали Жұбаниязов «Аралым айдың шалқарым», «Рысбек Әшімов» атындағы жыр-терме үйірмесінің мүшелері «Жігіттерге өсиет», «Бір-біріне қонақсын» атты термелер орындады.
Шара соңында «Рухты жырдың-Рысбегі» атты кітап көрмесіне, «Арал аудандық архив» филиалының қойма меңгерушісі Қ.Арынғазиев, библиографиялық шолу жасады. Шара Нұртуғанның Кенжеғұлұлының «Кәнекей тілім сөйлеші» термесімен тәмамдалып, оқырмандар алғыс хатпен марапатталды.
К. ЗДЕНОВА