Дәстүрлі өнерге дем берер бастама

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары К.Бержанов:
– Міне, өздеріңізбен бірге дарабоз жыршы Рысбек Әшімов атындағы жыр–терме үйірмесінің ашылуына куә болып отырмыз. Дәстүрлі орындаушылық өнерде өзіндік үнін қалыптастырып, тыңдаушысын тәнті еткен сұңғыла жыршы Рысбек Әшімов ұлттық өнердің өркен жаюына зор үлес қосты. Осындай белгілі тұлғалар есімін ұлықтап, рухани мұрамызды молайту жолындағы игі істеріңіз сәтімен болғай! – деп, ізгі лебізін арнады.
Сонымен қатар шарада жыршының жары Ләззат Оспанова мен шәкірті Серікқали Жұбаниязов ақжарма тілегін білдірді.
Сондай-ақ, салтанатты басқосуда Кете–Төлеби Досымжанұлы аудан әкімінің атынан арнайы сый-сыяпатты табыстады.
Оңталап ЖОЛДАСОВ