Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Жыр-терме үйірмесі ашылды

Жыр-терме үйірмесі ашылды

Кеше аудандық мәдениет орталығында жерлесіміз, белгілі жыршы Рысбек Әшімов атындағы жыр-терме үйірмесінің ашылуы өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары К. Бержанов қатысып:
- Бүгін Өздеріңізбен бірге дарабоз жыршы «Рысбек Әшімов» атындағы жыр – терме үйірмесінің ашылуына куә боп отырмыз. Дәстүрлі орындаушылық өнерде өзіндік үнін қалыптастырып,  тыңдаушысын тәнті еткен сұңғыла жыршы Рысбек Әшімов ұлттық өнердің өркен  жаюына зор үлес қосты. Осындай белгілі тұлғалар есімін ұлықтап, рухани мұрамызды молайту жолындағы игі істеріңіз сәтімен болғай! – деп, ізгі лебізін арнады.
Шарада жыршының жары Ләззат Оспанова мен шәкірті Серікқали Жұбаниязов ақжарма тілегін білдірді.
Сондай-ақ, салтанатты басқосуда Кете – Төлеби Досымжанұлы аудан әкімінің атынан арнайы сый-сыяпатты табыстады.
"Толқын" ақпарат
08 желтоқсан 2023 ж. 2 566 0