Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұйқы қанық болу үшін қандай қалыпта жатқан дұрыс? Дәрігер жауабы

Ұйқы қанық болу үшін қандай қалыпта жатқан дұрыс? Дәрігер жауабы

Гарвард медицина мектебінің дәрігері және профессоры Триша Пасрича бір жақ қырмен немесе етбетінен ұйықтаудың зиян екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.

Дәрігер етбетінен ұйықтаудың кей жағдайларда пайдалы екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл қалыпта ұйықтау үшін мойынды бір жағына қатты бұру керек. Әйтпесе таңертең омыртқаның әртүрлі бөліктерінде ауырсыну пайда болады. Осы сияқты бір жақ қырыңызбен ұйықтасаңыз да мойын омыртқаларыңыз зақымдануы мүмкін. Алайда бұл қауіпті сейілтетін бірнеше тәсіл бар.
    "Алдымен аяқтарыңызды сәл бүгіңіз және арқаңызды түзететін жастықты тізеңіздің арасына қойыңыз. Бұл сіздің жамбасыңызға қысымды азайтуға көмектеседі. Екіншіден, жатқан қолыңызбен өзіңізді жеңіл құшақтаңыз", - деп кеңес берді Пасрича.

Сарапшы түнде асқазаныңыз ауырып тұрса, сол жақ қырмен жатуды ұсынды. Бұл қалыпта жатқанда асқазан өзін жеңіл сезініп, ауырсынуы жеңілдеуі мүмкін дейді. Оң жақ қырмен ұйықтаудың да артықшылығы бар. Дәрігердің айтуынша, бұл позицияда асқазаннан аш ішекке дейінгі ең қысқа жол ашылады. Мысалы, дәрі-дәрмектің сіңуін тездету қажет болған жағдайда оң жағыңызбен жатсаңыз болады.

Сурет: www.pexels.com
02 ақпан 2025 ж. 28 0