Қорықта «Қарақұйрық» акциясы тәмамдалды

Акция барысында бірқатар мектептерде «Қарақұйрықтың маңызы туралы» сабақтар өткізіліп, мекеменің әлеуметтік желілерінде аталмыш Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар туралы ақпараттар мен бейнежазбалар жарияланды.Акция Барсакелмес қорығының кеңсе- ғимаратында орналасқан Фотокөрме залында «Қарақұйрықтарды сақтайық!» атты танымдық шарасымен тәмамдалды.
Қарақұйрық (Gazella subgutturosa) 1970 жылдан бері Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Оның жойылу қатері ІІІ санатқа жатқызылған, бұл сирек кездесетін түрлердің қатарына жатады. Бірқатар аймақтарда қарақұйрықтың саны мен мекендеу ортасы азайып барады.
Қарақұйрық шөл және шөлейт ландшафттар фаунасының типтік өкілі болып табылады. Олардың түсі қоңыр, ал құйрықтары қара түсті. Барлық газелдер сияқты олардың тұяқтары өте кішкентай.
2024 жылғы күзгі санақ бойынша қорық аумағында 298 қарақұйрық дарасы тіркелген.
Ф.Әнесова
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы