«Қарақұйрық» акциясы

- Осы орайда, Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығының ұйымдастыруымен 2023 жылы «Қарақұйрық» акциясы жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты – қалың жұртшылықты қарақұйрықтарды қорғаудың маңызы, қазіргі таңғы саны және оларға төніп тұрған қауіппен таныс ету.
Қарақұйрық көбіне еліміздің құрғақ далалы, шөлейтті және шөлді алқаптарында таралған. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, қарақұйрық 70-тен астам шөптесін және бұталармен қоректенетіндігі анықталған. Ол орташа есеппен, тәулігіне 6-7 кг қоректі пайдаланады. Ащы, тұщы және қақ суларын іше береді. Суатқа кешкілік қараңғылық түскенде және таңертеңгілік мезгілде келеді. Көбіне таңертеңгілік салқында және кешке
қарай жайылады. Есту және көру мүшелері жақсы дамыған өте сақ жануар.
Қарақұйрықтың негізгі жаулары – қасқырлар, түлкілер, қарақалдар, бұралқыиттер, сонымен қатар бүркіт және қарақұс та лақтарына шабуыл жасайды.
Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы аумағында жүргізілген күзгі санақ нәтижелеріне сәйкес 2023 жылы қорық аумағында 272 бас қарақұйрықтар кездеседі.
Ф. Әнесова
Барсакелмес мемлекеттік
табиғи қорығы