Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Құқық бұзушылықты қайталап жасаған азамат 10 тәулік әкімшілік қамаққа алынды

Құқық бұзушылықты қайталап жасаған азамат 10 тәулік әкімшілік қамаққа алынды

Арал аудандық сотында азамат С-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 2-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат С. үйіне алкогольдік ішімдік ішкен мас күйінде келіп, былапыт сөйлеп, отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiп, жанұя шырқын бұзған.
C. бұған дейін 19 желтоқсан 2024 жылы, осы тектес әрекеті үшін ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жазаға тартылып, әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылса да, еш нәтиже шығармай, құқық бұзушылықты әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.
Сотта жәбірленуші К. мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.
С-ның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен С. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Арал аудандық соты
07 ақпан 2025 ж. 82 0