Аралды сақтап қалуға байланысты бағдарламалар өз нәтижесін берді
![](/uploads/posts/2025-02/medium/1739339169_10.jpg)
Соңғы жылдары Солтүстік Арал теңізінің су деңгейі мен ауданының ұлғаюы – оң үрдіс. Балық түрлерінің қайта қалпына келуі, судың минералдану деңгейінің төмендеуі және жасылдандыру шаралары теңіз экожүйесін жандандыруға көмектеседі.
Күріш алқаптарын лазерлік тегістеу және заманауи суару технологияларын енгізу нәтижесінде үлкен көлемде су үнемделіп, Аралға бағытталуда. Бұл шаралар ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырып қана қоймай, су ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Әсел АСЫЛБЕК
Белсенді жас