Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгінде Арал теңізінің 10 пайызына да жетпейтін жұрнағы ғана қалды - министрлік

Бүгінде Арал теңізінің 10 пайызына да жетпейтін жұрнағы ғана қалды - министрлік

Экология және табиғи ресурстар министрлігі ашық талқыға шығарған ҚР Су кодексі жобасының тұжырымдамасында Арал теңізінің бүгінгі жағдайы туралы деректер келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Арал теңізінің құрғауы - Орталық Азия елдерінің аумағында болған ең танымал экологиялық апаттардың бірі. Арал теңізіне құятын Амудария мен Сырдария өзендерінің су ресурстарын ысыраппен пайдалану салдарынан 1960 жылдан бастап көл тартыла бастады. 1960 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңде Арал теңізінің мөлшері едәуір қысқарды және қазіргі уақытта оның көлемі бастапқы теңіз деңгейінің 10%-ынан аз мөлшерін құрайды. Арал теңізінде өмір сүрген омыртқалы жануарлардың 178 түрінің тек 38-і ғана тірі қалды», - делінген құжатта.

Сонымен бірге, тұжырымдамада қазір Өзбекстаннан келетін өзен ағысының минералдану деңгейінің жоғары екені де жазылған.

Яғни, ол судың сапасына қойылатын 40 талаптың тек жартысына ғана сәйкес келеді.

kyzylorda-news.kz
12 қаңтар 2023 ж. 550 0