Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Болжамға сәйкес, алдағы күндері Қазақстан тұрғындары климаттық айырмашылықты айқын сезеді.
"Елдің солтүстік өңірлеріне антициклон әсер етеді. Ол негізінен жауын-шашынсыз аязды ауа райын сақтайды. Ал оңтүстік өңірлерде жағдай керісінше: мұнда баяу жылжып келе жатқан оңтүстік циклон ықпал етеді, күндізгі температура біртіндеп 10-15 градус жылыға дейін көтеріледі", - дейді синоптиктер.
Айта кетейік, бұған дейін метеорологтар көктемгі ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Олардың мәліметінше, алдағы маусым климаттық нормадан 1-2 градусқа жылырақ болмақ, бірақ температура күрт өзгермейді.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай