Күміс экономика: ЕГДЕ ЖАСТАҒЫ ЕҢБЕК КҮШІ

Алайда 60 жас адамды қоғамнан бөлектеп тастаудың белгісі емес. Көргені мен білгенін, тәжірибесін тиімді пайдалану арқылы қоғамдағы түрлі мәселені шешуге мүмкіндік бар. Осы ретте мына әңгімеге назар салсақ.
"Жақып ата алпыс бес жасқа толғанда, өзін жай ғана зейнеткер ретінде елестеткен жоқ. Өмір бойы мұғалім болып қызмет еткен ол зейнетке шыққаннан кейін де бос отырғысы келмеді. Бір күні немересі Айсұлтан оған интернет арқылы онлайн сабақ беру мүмкіндігі бар екенін айтып берді.
– Ата, сіздің тәжірибеңізді әлі де талай адамға үйретуге болады. Онлайн курстар жасап көріңіз, – деді немересі.
Алғашында Жақып ата күмәнданды. «Жасым келгенде интернетті үйреніп не қылайын?» деп ойлады. Бірақ қызығушылығы жеңді. Немересінің көмегімен ол видеосабақтар жазуды, платформаларға жүктеуді үйренді. Бірнеше айдың ішінде оның курстары танымал бола бастады. Жастар ғана емес, өзі сияқты зейнеткерлер де оның сабақтарына қызығып, оқи бастады.
Арада бір жыл өтті. Жақып атаның онлайн мектебі жұмысын дамытып, тіпті табыс әкеле бастады. Ол өз ісін сүйіп істеді, ал ең бастысы – өзін қоғамға әлі де керек сезінді". Міне, өмірлік тәжірибесі мол, қоғамға берері бар жандар арамызда көп. Ең бастысы – жаңа мүмкіндіктерден қорықпау қажет. Оларға берілген мүмкіндіктер де аз емес. Самай шашына ақ түсіп, күміс шала бастаған оларға күміс экономика таптырмас мүмкіндік болып отыр. Бұл құбылыс «күміс экономика» ұғымының маңыздылығын арттыруда.
Ұғым қалай қалыптасты?
Күміс экономика – егде жастағы адамдардың қажеттіліктеріне бейімделген экономикалық қызметтің барлық түрін қамтитын ұғым. Оған денсаулық сақтау, қаржы, туризм, технологиялар, тұтынушылық тауарлар мен қызметтер кіреді. Бұл сектор зейнеткерлердің сатып алу қабілетіне сүйене отырып, жаңа бизнес мүмкіндіктерін қалыптастырады. БҰҰ Бас Ассамблеясы 2020-2030 жылдарды БҰҰ-ның сау қартаюының онжылдығы деп жариялады. Бағдарлама адамдардың ұзақ және салауатты өмір сүруіне жәрдемдесу бойынша күш-жігерді қалыптастыруға және енгізуге бағытталған. Онжылдық БҰҰ-ның тұрақты даму күн тәртібімен және мақсаттарымен қатар жүзеге асырылуда.
Дамуы
Қазақстан БҰҰ-ға мүше елдер қатарында. Елімізде егде жастағы халықты қолдау үшін «2025 жылға дейінгі «Белсенді ұзақ өмір сүру» аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары» қабылданды. Себебі Қазақстанда да халықтың қартаю үрдісі байқалуда. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 65 жастан асқан адамдардың үлесі 2023 жылы 8%-дан асты. Бұл көрсеткіштің өсуі мемлекет үшін зейнетақы жүйесін жетілдіру, денсаулық сақтау саласын дамыту, еңбек нарығына бейімделу қажеттігін білдіреді.
Бұл мәселеге қатысты қоғамда туындаған пікірталастарды ескере отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «күміс экономиканы» дамытудың маңызын атап өтіп, егде жастағы азаматтардың еңбек нарығына белсенді қатысуын ынталандыру қажеттігін айтты. Осыған байланысты, зейнеткерлік жастағы азаматтардың еңбек қызметін жалғастыруына қатысты мәселелерді талдап зерттеп көрейік.
Статистика агенттігінің мәліметтеріне сәйкес, 2023 жылдың үшінші тоқсанында 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бірнеше салада жұмыспен қамтылғандар саны айтарлықтай төмендеген. Өңдеу өнеркәсібінде 27,5 мың адамға, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда 19,5 мың адамға, құрылыста 16,1 мың адамға, ауыл шаруашылығында 7,8 мың адамға, көлік және қоймалау саласында 6,4 мың адамға азайған. Бұл жұмыс істейтін зейнеткерлер санының айтарлықтай өскенін білдіреді.
Осы ретте «күміс буын» өкілдерінің еңбек нарығына тартылу келесі факторлармен байланысты екенін атай кеткен жөн. Олар – ауылдық жерлерде кейбір салаларда жұмыс күшінің тапшылығы, 1990 жылдардың соңында туған ұрпақ санының аздығы, Z буын өкілдерінің психологиясы, жұмысшы мамандар тапшылығы. Бұл бірнеше факторға байланысты орын алған жағдай.
Біріншіден, ауылдық жерлерде кейбір салаларда жұмыс күшінің тапшылығы байқалса, екіншіден, 1990 жылдардың соңында туған ұрпақ аздығының да әсері бар. Тағы бір фактор Z буыны өкілдерінің еңбек нарығындағы өз ерекшеліктері. «Зумерлер» яғни 1990 жылдардың соңында туғандар еңбек нарығында икемді жұмыс кестесін және технологиялармен байланысты мансаптық бағыттарды артық көреді. Физикалық еңбекті қажет ететін салаларда, саудада, сондай-ақ білім беру мен медицина секторында жұмыс істеуге аса қызығушылық танытпайды. Мұнан бөлек қазіргі еңбек нарығына шығып жатқан жас ұрпақтың жұмыс берушілерге қоятын талаптары айтарлықтай жоғары болуы, жұмысшы мамандар тапшылығы. Міне осының салдарынан анық байқалатын жайт – егде жастағы азаматтар ауыр физикалық еңбекті талап ететін, төмен жалақы төленетін жұмыстарды жалғастыруға мәжбүрлігі.
2025 жылды Мемлекет басшысының "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жариялауы осы қиындықтарды шешудің бір шарасы деп түсінуге алып келеді.
Мүмкіндіктер мекені
Иә, біз айтып отырған күміс экономика үлкен мүмкіндіктердің мекені айналып үлгерген. Нақтырақ айтсақ егде жастағы адамдарға арналған медициналық қызметтер, ақылды үйлер, инклюзивті инфрақұрылым сияқты бағыттардың дамуы жаңа нарықтардың қалыптасуына алып келді. Мұнан бөлек тәжірибелі мамандардың еңбегін икемді жұмыс кестесі арқылы тиімді қолдану кадрлық әлеуетті пайдалануға жол ашты.
Мұнан бөлек зейнеткерлерге арналған туризм, яғни демалыс және сауықтыру бағыттарын дамытуға оңтайлы қадам болды.
"Күміс жастың" көмегі
"Күміс жас" бағдарламасы ел азаматтары үшін ерекше қолдау болды. 2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанның 50 жастан асқан жұмыссыз тұрғындары "Күміс жас" жобасына қатысуға мүмкіндік алды. Бұл оларды жұмысқа орналастыру және зейнетақы жарнасын аудару мәселесін шешуге мүмкіндік берді.
Еңбек министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде еңбекке қабілетті жастағы бірнеше жүз мыңдаған адам жұмыс істемейді, яғни олардың табысы жоқ және зейнетақы жинағы да жоқ. Тиісінше, олар жоғары зейнетақыға иек арта алмайды. Бұл түйткіл "Күміс жас" жобасының мүмкіндіктері арқылы шешілмек. Еске салсақ, бұл зейнет жасындағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін жоба. Мәселен әйелдерге жеке көмекші, әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, жас жұмысшыларға тәлімгер секілді жұмыстар ұсынылады. Сонымен қатар егер қазір "Күміс ғасыр" жобасына тек 59 жастан асқан адамдар ғана қатыса алатын болса, 2023 жылдың қаңтарынан бастап рұқсат етілген төменгі жас шегі қысқарады. Енді бұл жобаға 50 жастан асқан әйелдерде иек арта алады. Аталған жобаға қатысудың пайдасы зор екені анық. Біріншіден, дәл қазіргі уақытта табысы жоқ жандар еңбекпен қамтылады. Екіншіден, жобаға қатысу мерзімі еңбек өтіліне есептеліп, мемлекеттік субсидия көлемі 30 АЕК немесе 100 мың теңгені құрайды. Сәйкесінше, бұл қатысушылардың материалдық жағдайына ғана емес, болашақтағы базалық және жинақталатын зейнетақы мөлшеріне де қолайлы әсер етеді. "Күміс ғасыр" жобасына қатысу мерзімі келесі жылдан бастап үш жылды құрап, бюджеттен субсидияланатын жалақы бірінші жылы – 70%-ды, екінші жылы – 65%-ды және үшінші жылы – 60%-ды межелейді. "Күміс ғасыр" жобасының мақсаты – зейнет жасына дейінгі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту. Бастама 2021-2025 жылдарға арналған Ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасы аясында жүзеге асырылуда. Осылайша, жұмыс берушілер мен қызметкерлерге бірқатар талап қойылады. Мәселен жобаға бір жылдан астам жұмыс істейтін меншік нысанындағы барлық кәсіпорын мен ұйым қатыса алады. Олар сондай-ақ салықтық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты түрде төлеуі керек және жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс. "Күміс ғасыр" жобасы аясындағы жұмыс орындары тұрақты жұмыс орындары мен олар бойынша бос орындардан тыс құрылуы қажет. Сонымен қатар мұндай жұмыс орындарын ұлттық қызметтер жіктегішіне сай біліктілігі төмен жұмысшылардың тоғызыншы тобына жататын мамандықтар бойынша еңбек жағдайы ауыр немесе зиянды және қауіпті саналатын жұмыстар бойынша құруға болмайтыны маңызды. Жобаға қатысушының жалақысынан заңда белгіленген салық пен міндетті әлеуметтік аударымдар жасалатын болады. Сондай-ақ пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы төлеу қарастырылған. Жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші зейнет жасына дейінгі адамды зейнеткерлікке шыққанға дейін тұрақты жұмысқа орналастыруға міндетті. делінген.
"Күміс жастың" көмегіне кенелген 19199 адам еліміз бойынша еңбекпен қамтылса, ауданда да жасалып жатқан жұмыстың нәтижесі көңіл қуантады. Нақты айтар болсақ 2024 жылы 50 жастан асқан 53 аралдық бағдарлама аясында жұмысқа орналасса, биыл жылдың басынан бері 21 азамат еңбекпен қамтылған.
P.S
Күміс экономика – тек әлеуметтік мәселе емес, ол экономикалық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану арқылы тұрақты даму факторы бола алады. Қазақстан үшін егде жастағы адамдардың қажеттіліктерін ескере отырып, экономикалық жүйені бейімдеу – ұзақ мерзімді тұрақтылыққа бастайтын маңызды қадам.
Оңталап ЖОЛДАСОВ