Кәмелетке толмаған жасөспірімнің әкесі жауапкершілікке тартылды


Іс құжаттарына сәйкес, азамат А. кәмелетке толмаған баласының заңды өкілінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен кейін жүруіне жол беріп, бұл әрекетін әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті, өзінің кінәсін мойындаған жауабымен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен азамат А-ға ӘҚБтК-нің 829-11 бабының 2-бөлігі басшылыққа алынып, 19 267 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық соты