Аралдың өнер әлемінің үздіктері
Әз-Наурыз--өткен жылды түйіндеп, жаңа жылды бастандыратын шақ. Аралда Зейнолла Шүкіров атындағы шығармашылық бірлестігі жұмыс істей бастағанына биыл 8 жыл. Бірлестік жергілікті жеріміздегі өнер және әдебиет адамдарын біріктіріп, өңіріміздегі көптеген игі бастамаларға мұрындық болып келеді. Оның дәстүрлі бір шарасы-- Әз-Наурыз қарсаңында шығармашылық өкілдерінің жыл үздіктерін анықтау. Міне, бүгін осынау бірлестік төрағасы, Қазақстанның Құрметті журналисі Жұмабай Жақып халықтық таңдау нәтижесінде лайықты деп табылған өнер мен әдебиет саңлақтары--"Жылдың үздік сазгері" Болатбек Тәжімбетовті, "Жылдың үздік жыршы-термешісі" Серікқали Жұбаниязовты, "Жылдың үздік суретшісі" Дана Жоламанованы, "Жылдың үздік ақыны" Оңталап Жолдасовты, "Жылдың үздік күйшісі" Ерімбет Орынбасаровты дипломмен марапаттап, шығармашылықтарына жаңа жетістіктер тіледі.

Ерғали АБДУЛЛАЕВ










