Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ринат Зайытов: «Шалғай ауылдағы баланың тісі ауырса, оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек»

Ринат Зайытов: «Шалғай ауылдағы баланың тісі ауырса, оған Астанадағы министрдің жүрегі ауыруы керек»

– Парламент халыққа ашық түрде жұмыс істеп жатыр. Мәжілісте апта сайын сауал жолдап, үкімет мүшелерін сұрақтың астына алып жатқан депуттарға қарап халықтың ойындағы өшкен үміт қайта тірілді. Көтерілмей қалған мәселе, айтылмай қалған ой жоқ. Осылайша, қоғамды толғандыратын көптеген мәселе шешімін тауып, елдің іргесі беки түсті. Әрбір игі іс жүзеге асқан сайын халықтың билікке деген сенімі артып келеді. Халықтың үні, тағдыры мен болашағы, өмірі мен өзегі, ол – Парламент, – деді Р.Зайытов.
Бұл туралы ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын іске асыру – мемлекеттік құрылыстың жаңа тарихи кезеңіне арналған Мәжілістің жалпы отырысында айтты.

Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Фото: Видео скрин
24 наурыз 2025 ж. 48 0