Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Келініне былапыт сөйлеген қайынағасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Келініне былапыт сөйлеген қайынағасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Арал аудандық сотында азамат Ж-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Ж. алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде келіні Ғ-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзған.
Сотта жәбірленуші Ғ. қайынағасы тарапынан мұндай жағдайдың жиі болып тұратынын көрсетіп, оған жаза қолдануды сұраған.
Ж-ның құқық бұзушылық әрекеті, сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен Ж. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, Ж-ның мінез-құлқына үш ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды көздейтiн ерекше талаптар белгiленген.
Арал аудандық соты

Фото: Нұрболат Нұржаубай

24 сәуір 2025 ж. 57 0