Жол жүрісі қағидаларын бұзып, материалдық залал келтірген

Сотта анықталғандай, К. көлiк құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, «Ваз-2105» маркалы автокөлігімен азамат С-ның басқаруындағы «Ваз-2107» маркалы автокөлігіне жол жүрісі қағидасын бұзып соқтығысып, жәбірленушіге материалдық залал келтірген.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті өзінің кінәсін мойындаған түсінігімен, сондай-ақ сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен К. жоғарыда аталған баппен кінәлі деп танылып, оған 165 144 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Арал аудандық соты