Жас жайдарманшылар жеңіс жолында

Сайысқа республикалық деңгейдегі Түркістан, Астана қалаларының және өңірлік командалар қатысты.
Мектеп түлектерінен құралған «11-лер» командасы 30 сәуір күні Қызылорда қаласында өтетін облыстық суперлига ойындарының финалында сайысқа түсетін болады.
Мұнымен қоса, мектеп оқушыларынан құралған «Дарын» командасы 26 сәуір күні Алматы қаласында өтетін республикалық “Junior” мектеп лигасы ойындарында өнер көрсетеді.
Жас жайдарманшылар аудандық оқушылар үйінің «Жайдарман» үйірмесінде тәлім алады. Үйірме жетекшісі – Дәрмағамбетов Төребек Әділбекұлы.
"Толқын" ақпарат