Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

Қазақстанның басым бөлігінде солтүстік-батыс циклонының әсерінен ауа райы құбылмалы болады, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында күн күркіреп, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.
Тек шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста антициклон сілемінің әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, батыста, солтүстік-батыста және солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысының батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында 2-3 градус үсік жүреді. Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай жарқылдайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Астанада күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай облысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.
Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың шығысында екпіні 23 м/с болады. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Солтүстік-шығыстан жел соғады. 4-6 мамырда облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.
Фото: Нұрболат Нұржаубай