Қазақстандықтар үшін қысқа жұмыс аптасы басталды

Мамыр – мерекелерге толы ай. Осыған байланысты еңбек аптасы біршама қысқарды. Апта ортасындағы демалыстар жұмыс кестесіне өзгеріс енгізіп, азаматтарға қосымша тынығуға мүмкіндік беріп отыр. Еңбек кодексіне сәйкес, бұл күндерде жұмыс істейтін азаматтар ресми түрде демалады.
• 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті.
Енді ең қысқа жұмыс күндері осы аптаға сәйкес келіп отыр. Ол күндер:
• 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;
• 9 мамыр – Жеңіс күні.
Биыл Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай 7 мамырда Астанада әскери шеру өтеді деп жоспарланған.
Бұған дейін Қазақстан халқы мамырда қанша күн демалатыны хабарланған болатын.
Фото: Н. Нұржаубай