Қызылордада қараусыз мал үшін 300-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Малды бақылаусыз жаю — жол-көлік оқиғаларына себеп болуда. Жыл басынан бері өңірде осындай жағдайдан 10 жол апаты тіркеліп, 2 адам жарақат алған.
Полиция қызметкерлері мал иелерін жануарларын жолдан тыс, арнайы белгіленбеген жерлерге шығармауға шақырады. Сонымен қатар, жүргізушілерге елді мекен маңында жылдамдықты шектен асырмай, абай болуды ескертеді.
Ірі қараны қараусыз қалдырған әр адам жауапкершілікке тартылады, — делінген ресми мәлімдемеде.
Фото: Нұрболат Нұржаубай