Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Профилактикалық жұмыстар жалғасын табуда

Профилактикалық жұмыстар жалғасын табуда

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде іс жүзіне асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер өз міндеттерін тиісті денгейде орындау мақсатында олардың тарапынан әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізу қажет.
Осы бағытта Департамент тарапынан мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, қызметтік әдепті бұзу фактілерін болдырмау және әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алу мақсатында 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында 74 түсіндіру шаралары жүргізілді.
Оның ішінде, мемлекеттік органдарға бару арқылы 34 шара өткізіліп, мемлекеттік қызметшілерге «Мемлекеттік қызметшілерімен заңнамада көзделген шектеулерді, мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтау» тақырыбында семинарлар өткізілді.
Осы жылдың сәуір-мамыр айларында Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Қызылорда қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Қызылорда облысы бойынша Қазынашылық департаменті және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, ҚР сот әкімшілігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті, Қызылорда облысының әділет департаменті, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті қызметкерлерінің қатысуымен сол ұжымдарда семинарлар ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, сәуір-мамыр айларында Департамент басшысы Е.Мендалиев ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы бойынша филиалында 5 рет дәріс оқыды.
Семинарлар барысында құмар ойынмен ойнауға шектеу қойылғаны, шектеуді сақтамаған жағдайда мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылатыны қатаң ескертілді және 2025 жылғы 10 қаңтардағы №156-VIII ҚРЗ Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының талаптарымен таныстырылып, оның ішінде мемлекеттік қызметке кіру шарттары мен тәртіптік жаза қолдану мәселелеріне түсіндірме берілді.
Бұдан бөлек, ҚР Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамада көрсетілген бастамалармен таныстырылып, мемлекеттік қызмет жүйесін дамыту мақсатындағы қабылданатын шаралар туралы ақпарат берілді.
Осы жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде Әдеп жөніндегі кеңесте қаралатын тәртіптік істердің саны жыл сайын азаюда.
Жүргізілген семинарлардың басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік теріс қылық жасау және әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
 Т. НУРТАЕВ,
Департаменттің мемлекеттік
қызмет саласындағы бақылау
басқармасының басшысы

Фото: Нұрболат Нұржаубай
29 мамыр 2025 ж. 48 0