Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қорғаныс министрлігі: әскерге күштеп әкету әрекеті болса, сотқа жүгіну мүмкіндігі бар

Қорғаныс министрлігі: әскерге күштеп әкету әрекеті болса, сотқа жүгіну мүмкіндігі бар

Kyzylorda-news.kz Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов жастарды әскерге күштеп әкету іс-қимылдарына пікір айтты. Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады. 

    – Өкінішке қарай, мұндай фактілер болды. Бұған жол беруге болмайды. Сонымен бірге, біздің елде Президент «заң пен тәртіп» түсінігін айқындады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 36-бабында «ерікті түрде» деген ұғым жоқ, онда мемлекетті қорғау - әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті деген нақты жазылған. Осы орайда әскерге шақырылғандар осыны орындауға міндетті. Ал егер орындамаса, заң нормалары бұл азаматқа қатысты болуы керек, - деді Сұлтан Қамалетдинов Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Сондай-ақ министрдің орынбасарынан әскерге күштеп алып кететіндерге қатысты қолданылып жатқан шаралар туралы сұралды.

– Барлық жүргізілген тексерулер бойынша, егер азамат өз құқығы бұзылды деп есептесе, бізде құқықтық мемлекет – оның сотқа жүгінуге құқығы бар. Мен Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары ретінде өз өкілеттігімді жүзеге асырған кезеңде, мұндай жағдайлар болған жоқ, – деді ол.

Фото: gov.kz
08 маусым 2025 ж. 32 0