Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағы бір сала мамандарының жалақысы 50%-ға дейін өсетін болды

Тағы бір сала мамандарының жалақысы 50%-ға дейін өсетін болды

Мемлекет басшысы су саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеруге бағытталған "Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер енгізуді көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түзетулерді Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірледі.

Ведомствоның мәліметінше, өзгерістер сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін 25 мыңнан астам қызметкердің жалақысын арттыруға мүмкіндік береді. Өңірге және статистикалық деректерге қарай жалақы орта есеппен 35–50%-ға өсіп, жылу және электр энергетикасы салаларындағы мамандардың деңгейіне дейін жетеді. Бұл су саласындағы кадр тұрақсыздығын азайтып, жоғары білікті мамандарды тартуға жол ашады.

"Табиғи монополиялар туралы" заңға енгізілген өзгерістер биыл 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, жылу және электр энергетикасы саласында орташа жалақы – 330 мың теңге. Ал су шаруашылығы саласында – 231 мың теңге. Айтарлықтай айырмашылық бар. Қабылданған түзетулер еліміздің дамуы үшін аса маңызды су саласының кадрлық әлеуетін арттыруға бағытталған, – деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Министрлік былтыр Су ресурстары және ирригация министрлігі "Қазсушар" РМК қызметкерлерінің жалақысын орта есеппен 25%-ға көтергенінін қоса кетті.

Фото: Нұрболат Нұржаубай 
13 маусым 2025 ж. 43 0