Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰПИЯЛЫ ҚОСАМАН

ҚҰПИЯЛЫ ҚОСАМАН

ҚОСАМАН АУЫЛЫ АЛҒАШҚЫДА ҚҰЛАНДЫ ҚОЙ СОВХОЗЫНЫҢ БРИГАДАСЫ, КЕЙІННЕН 1962 ЖЫЛЫ ҚҰЛАНДЫ ЗАУЫТЫ ҚҰРЫЛҒАННАН КЕЙІН №1 ФЕРМА ОРТАЛЫҒЫ БОЛЫП БЕКІГЕН. «ҚОСАМАН» ДЕП АТАЛУЫ ҚОСАМАН КЕСЕНЕСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ДЕСЕДІ. АУЫЛ АҚСАҚАЛДАРЫНЫҢ АЙТУЫНША, ҚОСАМАН КЕСЕНЕСІ ТУРАЛЫ ДЕРЕКТЕР КӨП САҚТАЛМАҒАН. БІРІНШІ ДЕРЕКТЕН БІЛЕТІНІМІЗ ҚОСАМАН БАЙ КІСІ БОЛҒАН ЖӘНЕ ЕЛ БАСҚАРҒАН. ОНЫҢ ЕЛ БАСҚАРЫП ҚАРТАЙЫП ДҮНИЕДЕН ӨТКЕНДІГІ ТУРАЛЫ МЫНА БІР ӨЛЕҢ ШУМАҚТАРЫ ЕЛ АУЗЫНДА САҚТАЛЫП ҚАЛҒАН.
Қосаман Дастанменен елдің басы, Қалған жоқ екеуінде қойдың жасы. Елубай, Тілеуберген ел басқарған, Жаңа алған екеуі де қоқал масы. Өлең өте ұзақ болған бірақ ұмытылып қалған. Бұл бір шумақ өлеңнен аңғарғанымыз, Қосаман мен Дастанның қартайған шағында дүниеден өткені және Қосаманның Елубай, Дастанның Тілеуберген деген балаларының болғандығын, ел басқарғандығын дәлелдейді. Қосаманның руы – Төртқараның Қызылы. Қосаман жері төртқара руы мекендеген жерлердің бірі. Олай дейтініміз осы төңіректегі қорымдарда Төртқара руының қауымы жерленгендігі осының дәлелі.
Қосаман қайтыс болғанда кесенені баласы Елубай әкесіне арнап салдырған. Баласы Елубай да заманында белгілі би, атақ-абыройы бар ауылнай болған. Ол осы билік пен байлықтың арқасында Қосаман кесенесін қырық жігіттің күшімен бір жазда салып бітірген. Қосаман кесенесінің кірпішіне биенің сүтін қосып, жылқы аяғымен илетіп, құм төбенің басына тұрғызған. Кесененің іргетасы шақпақ тастардан қаланған. Ескерткіш қамкесектерден тұрғызылып, күйдірілген кірпішпен қапталған. Іргесі қамкесек блоктары мен өңделмеген тастардан қаланған. Ескерткіштің төменгі бөлігіне (іргетасының жанына) кірпіш қаландысының тұзданып кетпеуі үшін, қамыс қабаты төселген. Бұл кесененің жоғарғы бөлігіне үлкен күмбез және кіші күмбез орнатылған. Салынғаннан бері бірнеше ғасыр өткендіктен, жаңбыр мен қар суынан кіші күмбезі құлап, қабырғасындағы кірпіштердің көбісі түсіп қалған. Кесененің ішінде үш адам жерленген. Екі адам жерленген сағана дулыға тәріздес етіп салынған. Мұнда Қосаман мен оның әйелі жерленген деседі. Үшінші сағананың тұрқы кішілеу мұнда Қосаманның баласы немесе немересі жерленген деген болжам бар. Кіші күмбездің ішінде адам түнеуге, зиярат етуге жағдай жасалған. Бұрын бұл жерде ошақ, ыдыс-аяқ, төсеніштер болған көрінеді. Кесене ерекшелігі сусылдаған құм басында тұрса да өз қалпын сақтаған. Ел арасында тараған екінші бір деректерде бұл кесенеге Еламан мен Жоламан есімді қос жігіт жерленгендіктен, Қосаман аталып кеткен делінеді. Сонымен қатар тарихи жәдігер, Не - олит дәуірінің ескерткіші болған Қосаман т ұ р а ғ ы ау ы л д ы ң ш е т і н д е о р н а л а с қ а н . Ескерткішті 1999 жылдары РесейҚазақстан археологиялық экспедициясы ашқан. Тұрақ коллекциясында 138 дана бұйым б а р , о н ы ң і ш і н д е 1 2 4 д а н а с ы т а с т а н.
жасалған, 12 данасы қыш ыдыс сынықтары, 2 данасы металдан істелген. Құралдар жинақтарының арасынан мынадай категориялар ерекшеленген: ретуші пластиналар 5 дана, ішпектер 26 дана, жебенің ұштары 4 дана, қырғыштар 8 дана, ретуші жаңқа 1 дана. Қосаман кесенесінен бірнеше ескі ыдыс-аяқ, үшкір жебелер, заттар табылған. Қосаман кесенесі «Мәдени мұра» бағдарламасына кірген ескерткіш. Ол қазір мемлекет қорғауында.

Г.МЫҚТЫБАЙҚЫЗЫ
18 маусым 2025 ж. 36 0