Халық мүддесі – басты назарда

Сапар барысында Аида Ибрагимқызы аудандық фронт-офис пен азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жұмысымен танысты. Ол қызмет көрсету сапасын арттыру, қызметкерлердің жұмыс жағдайын жақсарту және тұрғындардың сұранысын толыққанды қамтамасыз ету мақсатында жасалып жатқан жұмыстарға баса назар аударды.
АХАТ бөлімі жуырда жаңа, кең әрі заманауи ғимаратқа көшіп, қызмет көрсету жағдайы едәуір жақсарды. Бұл өз кезегінде тұрғындар үшін ыңғайлы орта қалыптастырып, қызмет алу процесін жылдам әрі сапалы етуге мүмкіндік береді.
Кездесу барысында бөлім қызметкерлерімен ашық диалог орнап, жұмыс барысындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Аида Ибрагимқызы ұжымның кәсібилігін атап өтіп, алдағы уақытта қызмет көрсету сапасын одан әрі арттыруға бағытталған жұмыстардың жалғасатынын жеткізді.
Айта кетейік, Қазалы ауданында 80 мыңнан астам халық тұрады. Мұндай сапарлар жергілікті бөлімдердің тыныс-тіршілігін тереңірек түсінуге, қызмет көрсету сапасын көтеруге және тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға септігін тигізетіні сөзсіз.