Балалардың қауіпсіздігін басты назарда ұстайық

Жаз басталса дәрігерлер қол-аяғы сынған кішкентай пациенттерден қолы босамайды. Ал жел қақтыру үшін ашқан терезеден ауып құлаған сәбилердің статистикасы мүлдем қорқынышты. Олардың бірлі-жарымы жарақаттан жеңіл құтылса, бірі мертігеді. Ал көп жағдайда медицина әлсіз болады. Тіпті мүгедек болып қалуы мүмкін. Биіктен құлау жағдайлары жол-көлік оқиғалары секілді адамның жиі мерт болуына әкеліп соғады. Жоғары қабаттан балалардың абайсызда құлау оқиғалары бойынша тіркелген мәліметтерге сүйенсек, олардың жасы әлі беске де толмаған. Еңбекке жарамды азаматтар арасында мұндай жағдайларға көбіне құрылыс мамандары ұшырайды. Әсіресе, егде жастағы азаматтар үшін құлаудың салдары өте ауыр болады. Мәліметтерге сүйенсек, балалардың москит торынан құлауына ерекше назар аудару керек. Ата-аналарға көпқабатты үйлерде балаларды терезеге жақындатпай, мұқият болуларын ескертеміз.
Статистикаға сүйенсек, қайғылы жағдайлардың көбісі ата-ананың қарауынсыз қалған үйлерде немесе ата-аналардың салғырт қарауынан орын алады. Ойын баласының кез-келген нәрсеге әуестеніп, қолды-аяққа тұрмай, мазасыз күйде болатыны айтпаса да түсінікті. Сондықтан сәбиіңіздің өміріне қауіп төнбес үшін, оның әр қадамына абай болғаныңыз абзал.
От баланың ойыншығы емес!
Балалардың отпен ойнауы өрт оқиғаларының себебі болуда. Тәжірибе көрсеткендей, көбіне өрт оқиғалары балалардың отпен абайсыз болу дағдылығының жоқтығынан, үлкендер тарапынан бақылаудың жетіспеуінен, ал кей жағдайда ата-аналар жағынан балалардың уақыт өткізуін дұрыс ұйымдастырмауынан орыналуда. Тұтанған темекі, жанған сіріңке, газ плитасының кемірегі немесе керосин примусы (шам, қолшам) – осының барлығы біздің тұрмысымыздың бір бөлшегі. Осылардың барлығы жанғыш материалдарды тұтандыратын қасиеті бар екендігін әрқашан естен шығармау қажет, ал кейде қараусыз қалған балалар, сол заттардың бойында қауіптің тығылып жатқанын біле бермейді. Бақытсыз оқиғаларға жол бермеу мақсатында, Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлім қызметкерлері халық арасында профилактикалық іс – шаралар атқаруда, ол жақта басты назар балалардың өзін-өзі қауіпсіз ұстауға бөлінуде. Балалар ойын кезінде, үлкендердің іс-әрекеттерін және қимылдарын қайталап жатады. Өз бетінше болуға ұмтылу балалар жалғыз қалғанда қатты байқалады. Сондықтан жалғыз қалған бала бұрын көргенді сіріңкемен, жандырғышпен қағазды тұтатып, от жағып көргісі келмейді дегенге еш уақытта сенімді болуға болмайды. Құрметті ата-аналар, балалардың отпен абайсыздығы деген мәселе өте ұшты тұр. Және басты тапсырма – орын алуы мүмкін трагедияны ескерту, керек болса бір қадам алда болу керек. Біз бен Сіздер күнделікті балалармен профилактикалық жұмыстарды күшейтіп, жоймасақ та, ең болмаса балалардың қатысы бар өрт және басқа да төтенше жағдайлардың, жарақат және бақытсыз оқиғалардың санын азайтуымыз қажет. Себебі, балалардың әрекеттеріне ең алдымен үлкендер жауапты.
Балаларғажаманүлгікөрсетпеңіздер:
– олардың көзінше темекі шекпеңіз;
– қараңғы бөлмені жарықтандыру үшін қағаз жақпаңыз;
– сіріңкені балалардың қолжетімді жерінде сақтамаңыз;
– ешқашан үйде жарамсыз немесе қолдан жасалған электр аспаптарын қолдануға жол бермеңіз;
– тек қана қауіпсіздік талаптарын сай сертификаты бар, электрқуатынана втоматты түрде өшетін жабдығы орналастырылған жарамды аспаптардығана қолданыңыз;
Есіңізде сақтаңыз – азғантай абайсыздық, үлкен қайғыға алып соғуы мүмкін.
Егер Сіз, балалардың өзбеттерінше от жағып жатқанын, сіріңкемен, жанғыш сұйықтықпен және жандырғышпен ойнап жатқанын байқасаңыз, жай ғана өтіп кетпей, немқұрайлық танытпай оларды тоқтатыңыз!
Арал ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі