Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазда қанша мөлшерде су ішкен дұрыс? Дәрігер жауабы

Жазда қанша мөлшерде су ішкен дұрыс? Дәрігер жауабы

"Қазгидромет" РМК ертең, 8 шілде күні еліміздің 15 өңірінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, көптеген аймақтарда аптап ыстық, найзағай, бұршақ, дауыл және өрт қаупі сақталады.

Түркістан, Жетісу, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Ұлытау, Маңғыстау, Қызылорда, Алматы облыстарында ауа температурасы +35...+40°С дейін көтеріледі. Бұл өңірлерде төтенше өрт қаупі сақталып отыр. Әсіресе Түркістан мен Шымкент қалаларында күннің қатты ысуы және дала өрттерінің қаупі жоғары деңгейде болады.

Абай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Жамбыл облыстарында найзағай ойнап, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге дейін жетуі ықтимал. Мұндай құбылыстар әсіресе таулы аймақтар мен ашық кеңістіктерде қауіп төндіреді.

Сонымен қатар Қызылорда облысында күндіз шаңды дауыл соғуы мүмкін. Облыстың солтүстігі мен орталығында желдің екпіні күшейіп, көріну қашықтығы төмендейді. Мұнда да жоғары өрт қаупі сақталуда.

Синоптиктер найзағай, бұршақ пен дауыл кезінде ашық алаңдарда ұзақ болмауға, электр желілерінен, ағаштар мен металл нысандардан алшақ жүруге кеңес береді. Аптап ыстық күндері тұрғындарға сыртқа көп шықпау, сусыз қалмау және ашық күн астында ұзақ уақыт болмау ұсынылады.

"Қазгидромет" тұрғындарды ресми ескертулер мен ауа райы болжамдарын бақылап отыруға шақырады. Ауа райының қолайсыздығы жол қозғалысына, электр желілеріне және тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Фото: Нұрболат Нұржаубай 
08 шілде 2025 ж. 37 0