Профилактикалық іс-шарасы өтуде

Осы металдардың барлығы қымбат болғандықтан, адамдар бұл сынықтарды қалайда болмасын ұрлап, қара металл қабылдау орындарына өте жоғары бағамен тапсырғылары келеді. Өйткені олардың бағалары өздеріне сай тиісті жоғары бағамен қабылданады.
Осыған байланысты Арал теңізі станциясындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері қара металл қабылдау пункттерін тексеру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, қабылдау орындарына рейдтік жұмыстар жүргізді.
Рейдтің мақсаты - темір жол көлігіндегі ұрлықтың алдын алу және қызмет көрсету учаскесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Қара металдарды қабылдау пункттеріне бару кезінде қызметкерлер металл қабылдаушылармен әңгімелесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Темір жол сынықтарын тапсыру кезінде қабылдаушы металл сынықтарын тапсырушының мәліметтерін жазып алуы тиіс, себебі темір жол мүлкін ұрлау қылмыстық жауапкершіліке жатады.
Арал теңізі ст.ЖПб бастығы полиция капитаны С.Есмурзаев