Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 4 күндік жұмыс аптасына көшкендер қандай жалақы алады?

4 күндік жұмыс аптасына көшкендер қандай жалақы алады?

Бұл сұраққа Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті әлеуметтік әріптестік департаменті басқармасының басшысы Шалқар Оразбеков жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, Қазақстанның Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістердің бірі 4 күндік жұмыс аптасына көшу мүмкіндігі.

Қолданыстағы еңбек кодексі бойынша 2015 жылдан бастап жұмыс берушілерге 4 күндік жұмыс аптасын белгілеуге рұқсат берілген. 2023 жылы қабылданған Әлеуметтік кодекс аясында 4 күндік жұмыс аптасы 5 немесе 6 күндік жұмыс апталарымен ауысып келетін жаңа жұмыс режимі ретінде енгізілді, – деді Шалқар Оразбеков.

Жалақы мәселесіне келсек, заңнамаға сәйкес, қызметкерлердің еңбекақысы орындалған жұмыс көлеміне қарай есептеледі. Егер жұмыс күндерінің саны қысқарса, сәйкесінше жалақы да пропорционалды түрде азаяды.

Жұмыс беруші 4 күндік жұмыс аптасын енгізе отырып, бұрынғы 5 күндік жұмыс режиміндегі жалақыны сақтап қаламын десе, оған заң бойынша ешқандай шектеу жоқ, – деді басқарма басшысы.

Фото: baq.kz
25 шілде 2025 ж. 52 0