Венгрияда соңғы 100 жылдағы ең ыстық күн тіркелді

2025 жылғы 26 шілде күні Венгрияда соңғы ғасырдағы ең жоғары ауа температурасы тіркелді. Елдің оңтүстік-шығысында күндіз сынап бағаны 41,3°C-қа дейін көтерілген. Бұл – 1921 жылы Шерепе қаласында тіркелген алдыңғы рекордтан 0,9 градусқа жоғары.
Жаңа көрсеткіш Венгрияның ресми метеорологиялық тарихындағы абсолюттік рекордтан небәрі 0,6 градусқа төмен.
Шілде айының соңында Еуропаны биылғы жылдың үшінші аптап ыстық толқыны басты. Италия, Грекия, Түркия, Балқан түбегі мен Кипрде де ауа температурасы 40 градустан асып, тұрғындарға ескерту жарияланды.
Бұған дейін Түркияның ең ыстық қалаларының бірі – Шанлыурфеде ауа температурасы 55°C-қа дейін көтеріліп, ел тарихындағы ең жоғары көрсеткіштердің біріне айналды.
Климат мамандарының айтуынша, соңғы 30 жылда экстремалды аптап күндердің саны айтарлықтай артқан. Ғалымдар бұл құбылысты жаһандық жылынумен және климаттық дағдарыспен байланыстырады.
Фото: baq.kz