"Күн қайта ысиды". Ел бойынша 11 тамызға арналған ауа райы болжамы

Оның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.
Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел соғады, жаңбыр жауады, – дейді "Қазгидромет" РМК.
Республика бойынша бірқатар өңірде жел екпінді жел болады деп күтіледі, түнде және таңертең солтүстікте, орталықта тұман болады, күндіз еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл болады.
Күндіз Түркістан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында сынап бағаны 40 градусқа дейін көтеріледі деп болжанады.
Алматы облысы мен Жетісу облысында сынап бағаны +35...+37 градусқа дейін, ал Ұлытау облысында +35...+36 градусқа дейін жоғарылайды.
Дүйсенбіде Алматы облысының батысында, солтүстігінде және орталығында өте ыстық болады деп болжанады. Сынап бағаны 41 градусқа дейін көтеруілуі мүмкін.
Фото: Нұрболат Нұржаубай