Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастар саясаты: мүмкіндіктер мен міндеттер

Жастар саясаты: мүмкіндіктер мен міндеттер

Кез келген елдің ең белсенді, шығармашыл әрі жаңашыл бөлігі – жастар екені анық. Олар жаңа идеяларға ашық, өзгерістерге бейім жән қоғамның дамуына ерекше серпін береді. Ауданда да жастар саясаты қарқынды дамып келеді. Жыл бойына түрлі шаралар ұйымдастырылып, ел үмітін ақтар жастар жолына баулып жүр.
Аудан бойынша жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 12 бағыт бойынша 128 шара ұйымдастырылып, оған 5 827 аудан жастары қамтылды. Нақтырақ айтар болсақ, «Жас маман» жобасы бойынша – 16 кездесу, «Дін және жастар»жобасы бойынша – 18 кездесу, «Еріктілер мектебі»жобасы бойынша – 50 мәдени-көпшілік шара, «Жастар қоғам назарында» жобасы аясында – 14 рейдтік шара,  «Мен спортты таңдаймын» жобасы бойынша – 4, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша – 12, «Жас кеңесші» жобасы аясында – 14 «Ашық есік» акциясы ұйымдастырылған.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025 жыл – «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Осыған орай, ауданымызда жұмысшы жастардың мәртебесін көтеруге, еңбек адамының маңызын насихаттауға бағытталған бейнероликтер мен сұхбаттар легі жарық көрді. Аудан көлеміндегі зауыт, өндіріс, көлік және теміржол саласында еңбек етіп жүрген жастармен мотивациялық видеожобалар әзірленіп, әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Бұл – жастардың еңбекке деген құрметін арттырып, жұмысшы мамандыққа деген көзқарасты жаңғыртты.

Жастар бизнесі: идеядан табысқа
Жас кәсіпкерлер – елдің экономикалық дамуы мен жаңашылдыққа ұмтылысының айқын көрінісі. Олар батыл идеяларды жүзеге асырып, жаңа нарықтар қалыптастырады, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын ашады және қоғамға тың серпін береді. Әсіресе, жаһандану мен цифрлық технология дәуірінде жас буын бизнеске жаңа тәсіл мен креатив енгізуде.
Арал ауданында жастар саясатын іске асыру, олардың экономикалық белсенділігін арттыру мен кәсіпкерлікке бейімдеу бағытында нақты қадамдар жасалып келеді.
2025 жылдың 1 шілдесіне дейін Арал ауданында 4 867 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелген. Оның ішінде 1 803 кәсіпкерлік субъектісі – жастарға тиесілі. Бұл аудан жастарының бизнеске деген қызығушылығы мен белсенділігінің артқанын көрсетеді.
Осы жылдың басынан бастап жастар кәсіпкерлігін қаржылық қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар мен қаржы ұйымдары біршама қаражат бөлініп, 56 жоба қаржыландырылды. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі бағытында да қаражат қарастырылып,3 жоба қаржы ұйымдарынан мақұлданып, алдағы уақытта іске қосу жоспарланып отыр екен. Бұл жобалар ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу мен жергілікті өндірістік әлеуетті дамытуға бағытталған.
Бұдан бөлек, қайтарымсыз гранттар аясында аудан бойынша 2025 жылы 73 жоба қаржыландырылып, оның ішінде 33 жоба – жалпы сомасы бекітіліп, жастардың кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыру үшін табысталды. Бұл қолдау шарасы өз ісін жаңа бастаған жастар үшін үлкен мүмкіндік беріп, тұрақты жұмыс орындарының ашылуына жол ашты.
Жас кәсіпкерлерді қолдау және кәсіпкерлікке баулу мақсатында ауданымызда жастарға арналған бірнеше іс-шаралар өткізілген.
Онлайн сауда платформалары бойынша оқытужұмыстары бойынша
OZON, Kaspi.kz, Wildberries, Marketplace сияқты онлайн платформаларда жұмыс істеу және тауар сату бойынша аудан жастарына арналған оқыту семинарлары мен практикалық тренингтер ұйымдастырылған.
Жастарға кәсіп бастауға серпін беру мақсатында тәжірибе алмасу кездесулері, табысты кәсіпкерлермен сұхбаттар, мотивациялық тренингтер мен шеберлік сабақтары тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғасын тауып, жастарға арналған арнайы гранттық байқаулар, оқыту бағдарламалары мен бизнес-жобалар көрмелері өткізілмек. Жастар кәсіпкерлігі – өңірдің экономикалық өсімінің маңызды құрамдас бөлігі.
Жастар және еңбек нарығы: бүгінгі ахуал
Жастарды жұмыспен қамту – кез келген мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Себебі жастар еңбек нарығына жаңа идеялар, заманауи дағдылар және энергия әкеледі.
Жастарды жұмыспен қамту бағытында да тиісті шаралар қабылданып, жүйелі жұмыстар жүргізілуде. «Мансап» орталығына 768жұмыссыз тіркеле, оның 567-сі жастар. Бүгінде олардың жастар тәжірибесімен – 138, әлеуметтік жұмыспен – 13, қоғамдық жұмыстармен – 196,тұрақты жұмыспен –220   жас қамтылған. Және де «Жасыл ел» еңбек жасағына жұмыс жасауға 280жас ниет білдірсе, қазіргі таңда 110 жас жұмыспен қамтылды.
Бұдан бөлек NEETсанатындағы жастармен атқарылған  жұмыстарға тоқталар болсақ,облыстық қоғамдық даму басқармасының тапсырмасына сәйкес, аталған санатдағы жастарды анықтау мақсатында онлайн және офлайн форматта жастардан сауалнама алу негізінде адрестік жұмыстар жүргізілген.
Әділет жолындағы жас ұрпақ
Құқықтық  сауаттылық – азаматтың өз құқықтары мен міндеттерін білуі, оларды күнделікті өмірде дұрыс қолдана алуы. Жастар үшін бұл ұғым ерекше маңызды, себебі олар қғамның белсенді бөлігі және болашақ көшбасшылары. Әр жас азамат өз құқығын біліп, оны заң аясында қорғай алғанда ғана елімізде заң үстемдігі орнайды.
Жыл басынан бері Арал қаласындағы Арал көпсалалы және индустриалды техникалық колледждерде және
қала, кент және ауылдық округтегі мектептерде бітіруші түлектерге арналған аудан жастарының және сала мамандарының қатысуымен «Мамандық таңдау-басты бағдарымыз», «Жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.
Аудан бойынша үстіміздегі жылы 436 жасқа құқық бұзушылық дерегін жасағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, тиісті шара көрілді.  Жастар арасындағы кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі беймезгіл жүрістерін ырықтау, келеңсіз жайттарды олардың тарапынан қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Аудандық полиция бөлімі мен орта және кәсіптік оқу орындары мұғалімдерімен бірлесе, «Түнгі рейд» жұмыстары тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Белсенді жастар – жаңашыл бастамалар
Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына аудандық жастар ресурстық орталығы белсене қатысуда.
«Жас толқын» еріктілер тобы 2025 жылдың басынан бері «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 29 ардагердің үйіне барып, оларға жан-жақты көмек көрсетті. Іс-шара барысында еріктілер тұрмыстық жұмыстарға жәрдемдесіп, ардагерлермен әңгімелесіп, олардың мұқтаждықтары мен ұсыныстарын тыңдады. Бұл бастама ардагерлердің өмір сапасын жақсартуға, олардың ерен еңбегін құрметтеуге және жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен ізгілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.
Үстіміздегі жылдың наурыз айында «Наурызнама онкүндігі» аясында жастардың белсенділігі жоғары деңгейде болды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қоғамдық сананы жаңғырту және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған онкүндік барысында жастар сенбіліктерге қатысып, қоғамдық орындарда тазалық жұмыстарын жүргізді және көшет отырғызу акциясына атсалысты. Сонымен қатар, қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, еріктілер тарапынан әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға көмек көрсетілді.
Жастар арасында қазақтың ұлттық ойындарына арналған жарыстар өткізіліп, қатысушылар асық ату, тоғызқұмалақ, арқан тартыс және қазақ күресі бойынша бақ сынады. Мәдени іс-шаралар шеңберінде жас өнерпаздардың қатысуымен концерттік бағдарламалар ұсынылып, ұлттық өнерді насихаттау мақсатында ақындар мүшәйрасы және танымдық кездесулер ұйымдастырылды.
Мерекелік іс-шаралар барысында наурыз көже таратылып, жастар мен ардагерлердің қатысуымен дәстүрлі ас беру рәсімі өткізілді. Онкүндік бағдарламасы гала-концертпен қорытындыланып, жастардың белсенділігі мен ұйымшылдығы жоғары деңгейде аталып өтті.
12 тамыз – Халықаралық жастар күніне арналған онкүндік аясындағы іс-шаралар
2 тамызда онкүндік “Жастар – елдің ертеңі ғана емес, бүгінгі тірегі!” ұранымен бастау алды. Арал аудандық Жастар ресурстық орталығының бастамасымен және «Жас Арал Өрендері» ҚБ-нің қолдауымен «Жас толқын» еріктілері мен «Жасыл ел» еңбек жасағы сарбаздарының қатысуымен қорымдарда және көшелерде тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Акция барысында аудан жастары қоқыс жинап, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
Одан кейін Руханият орталығында ашық есік күні өткізіліп, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі мен жас тауар өндіруші кәсіпкерлердің көрмесі ұйымдастырылды. Шара аясында аудан кәсіпкерлері өз өнімдерін таныстырып, жұмыс берушілер жастарға бос орындар туралы ақпарат берді.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында жас теміржолшы Нұрдәулет есімді маманмен кездесу өтіп, жастарға теміржол саласының қыр-сыры және мамандықтың артықшылықтары таныстырылды.
Келесі күні Руханият орталығының алдында «Jastar Acoustic» шарасы өтіп, ауданымыздың жас өнерпаздары мен қонақтары жанды дауыста ән орындап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Одан соң жастар күніне арналған аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы Айдар Әділжанұлымен арнайысұхбат ұйымдастырылып, қатысушыжастардың қоғамдағы рөлі, әлеуметтік желілердің ықпалы және азаматтық белсенділік тақырыптарында пікір алмасты.
8 тамызда Балықшылар аллеясында «ASPAN CINEMA» ашық аспан астындағы кинокөрсетілім өтіп, жастар мен қала тұрғындарына қызықты фильм ұсынылды.
12 тамыз – Халықаралық жастар күні мерекесінде онкүндіктің қорытындысы ретінде Гала-концерт ұйымдастыру жоспарлануда.
Онкүндік аясындағы барлық іс-шаралар жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға, шығармашылық және кәсіби қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ бос уақытын тиімді өткізуге бағытталды.
Бүгінгі күні Арал аудандық жастар ресурстық орталығы жаңа белеске қадам басты. Көп жылдан бері көне ғимаратта қызмет етіп келген орталық, облыс әкімдігінің қолдауымен «Руханият орталығы» деп аталатын жаңа ғимаратқа көшті.
А. НҰРЛАНОВА
12 тамыз 2025 ж. 64 0