Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ОТБАСЫЛЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ОТБАСЫЛЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Арал қаласында тұрғындар мен қонақтар үшін жайлы әрі заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа халал отбасылық тамақтану орталығы өз есігін ашты.
Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Н. Бохаев қатысып, жаңа орталықтың жұмысына сәттілік тіледі.

Тамақтану орны жеке кәсіпкер Рүстем Сисеновтің өз қаражаты есебінен салынып, жұмысын бастауда. Орталықтың ерекшелігі – мұнда жай ғана дәмді ас ішу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар тыныш әрі жайлы ортада демалып, рухани қажеттіліктерді өтеуге де мүмкіндік бар. Жаңа орталық ішінде жеке кабиналар ұйымдастырылған – бұл отбасымен немесе жақындармен жеке отыруға таптырмас мүмкіндік. Сонымен қатар, көпшілікке арналған кең зал да бар. Тамақтану орталығы арнайы намазхана бөлмесі жабдықталған. Тамақтану орнының ашылу салтанатына ауданның бірқатар тұрғындары мен қонақтар қатысты.

Келушілерге есігі ашық жаңа халал тамақтану орны – жайлы ортаны, сапалы қызметті және халал стандарттарға сай мәзірді ұсына отырып, аудандағы қонақжайлылықтың жаңа үлгісіне айналмақ.
09 қыркүйек 2025 ж. 130 0