Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Зере" балалар ойын-сауық орталығы ашылды

"Зере" балалар ойын-сауық орталығы ашылды

Кеше «Балалар жылы» аясында аудан орталығында «Зере» балалар ойын-сауық орталығы  ашылды.
Аталған орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі С. Сермағамбетов қатысып:
– Бүгін, мінекей, көңіліміздің гүлі, көзіміздің нұры саналатын балаларға қуаныш сыйлау мақсатында аудан орталығынан жаңа балалар ойын-сауық орталығы пайдалануға берілуде. Алдағы уақытта балаларға арнап бірнеше спорт және ойын алаңдарын салу жоспарлануда.Бүгінгі ашылған ойын-сауық орталығы  баршаңызға құтты болсын! Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлаған кәсіпкерге сапалы қызмет көрсетеді деп сенім білдіріп, жұмысына сәттілік пен табыс тілеймін, – деп лебізін жеткізді.
Одан соң аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, білім беру саласының ардагері Н. Оспанов сөз алып, балалардың өсіп-жетілуі мен ой-өрісінің қалыптасуы үшін қимыл-қозғалыста болып, ойын ойнауының да маңызды екендігіне тоқталып, жаңа орталық жұмысына сәттілік тіледі.
Атап өтейік, жеке кәсіпкер Ернұр Маратұлы ойын орталығын ашу үшін «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы 35 млн. теңге несие алған.
Ойын-сауық орталығында балалардың уақытын қызықты да көңілді өткізуіне арналған батутты аймақ, лабиринттер,  ойын комплекстері мен әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш сынды заманауи үлгідегі ойын құрылғыларымен жабдықталған.
"Толқын" ақпарат
26 маусым 2022 ж. 1 381 0