КЕНТТІКТЕР КӨПТЕН КҮТКЕН КҮН
Кеше мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын асыға күттік. Жыл сайын маңызды қадамдарды көрсетіп, мемлекет дамуына негізделген жұмыстарды жүктейтін Жолдаудан күтеріміз көп болды. Ойлағанымыздай өзекті мәселелерді қамтыған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында ел дамуының жаңа сатыға қадам басқанымыз белгілі болды.Иә, кент тұрғындары осы мәселе жайында жиі айтып, халықтың үні жоғарыға жеткен болатын. Бұл жол құрылысы толық аяқталса тек жүк тасымалы ғана шешімін тауып қоймай, аудан орталығынан шалғайда жатқан ауылдар да қатынас қиындығынан құтылатын болмақ. Ал қазірдің өзінде тоғыз жолдың торабына баланған Сексеуілдің дамуы еселеп арта түсетіні сөз.
Тапсырма берілді, енді ақжолтай жаңалықтың жемісін көрер күн де алыс емес.
Еркебұлан АЯҒАНОВ,
Аудандық мәслихат депутаты,
Сексеуіл локомотив пайдалану депосы бастығының өндіріс
жөніндегі орынбасары










