Алматыда электрсамокаттарды уақытша тоқтату ұсынылды

Депутат Бейбіт Құсайыновтың сөзінше, Алматы қаласы мәслихатында өткен кеңейтілген отырыста электрсамокаттар, мопедтер және электробайктарға қатысты маңызды мәселе талқыланған.
"Бүгінде олардың қозғалысы нақты ережелермен реттелмеген: жылдамдық шектелмейді, тұрақ орындары жүйесіз, ал пайдаланушылардың көбі жол қозғалысы ережелерін білмейді. Самокаттарды тротуарларда, жол бойында қалай болса солай тастап кетеді, бұл жаяу жүргіншілерге кедергі келтіріп, қауіп төндіреді", - деді ол.Сонымен қатар, Бейбіт Құсайынов өзі қаланы жаяу аралағанды ұнататынын, бірақ жүйткіп өткен самокаттар қауіпті екенін жеткізді.