ЖАҢА САЛЫҚ КОДЕКСІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Семинарға Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары А.Елеманов, департаменттің Түсіндіру жұмысы және Байланыс орталығы баcқармасының басшысы Г.Қарымсақова, департаменттің Мемлекеттік қызмет көрсету баcқармасының басшысы М.Искакова, департаменттің Өндірістік емес төлемдер баcқармасының басшысы Г.Шортанбаева, департаменттің Камералдық мониторинг баcқармасының бас маманы Г.Өтеева және департаменттің Жанама салықтарды әкімшілендіру баcқармасының бас маманы А.Шамшаева арнайы қатысты.
Аталған семинардың негізгі мақсаты 2026 жылдан бастап күшіне енетін жаңа Салық кодексінің басты бағыттары мен жаңашылдықтарын кеңінен түсіндіру, салық саласындағы өзгерістерді халыққа қолжетімді әрі түсінікті жеткізу.
Осы бағытта Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Асқар Сейдекәрімұлы хабарлама жасап, жаңа салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жайында толыққанды мәлімет берді.