Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Салық саласындағы өзгерістер талқыланды

Салық саласындағы өзгерістер талқыланды

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Ғ.Амановтың «Жаңа салық кодексі жобасының өзгерістерін талқылау» бойынша мәжіліс болып өтті.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасары Е.Әбішев төрағалық етіп, жиналғандарға ауданға арнайы келген делегация құрамын таныстырды.
– Бүгін ауданымызға бір топ делегация өкілдері іссапармен келіп отыр. Бүгінгі жиынға Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғани Аманов пен департамент басшысының орынбасарлары, департаменттің және аумақтық басқарма басшылары арнайы келіп, қатысуда. Мұнымен қатар, басқосуға ауданнан сала басшылары, облыстық мәслихат депутаты, аудан ардагерлері, әкімдікке қарасты бөлім басшылары, қала, кент және ауылдық округтердің тиісті мамандары, кәсіп иелері қатысуда» - деді Еркін Жұмаханұлы.
Мұнан соң, «Жаңа салық кодексі жобасының өзгерістерін талқылау» тақырыбы бойынша алғашқы сөз Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ғани Мырзағабылұлы хабарлама жасады.
Тақырыпты кеңінен саралау мақсатында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің түсіндіру жұмысы және байланыс-орталығы басқармасының басшысы Г.Қарымсақова жан-жақты баяндады.
«Жаңа салық кодексі жобасының өзгерістерін талқылау» бойынша өткізілген жиынның соңында қатысушылар мамандарға сұрақтарын қойып, өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі
02 қараша 2024 ж. 121 0