Әлем әйелмен әдемі

Бұл шараның атауының өзі терең мазмұнға ие. Себебі Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Өмірге келіп ер жетіп өсуі бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері өсіп өнген отбасынан қалыптасады. Сондықтан туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып мәңгі есінде жүреді. «Отбасы – табиғаттың сыйлаған кереметтердің бірі» десек артық емес. Жеке адамның бойындағы ар-ұяты, ақыл ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым-қатынаста, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сол отбасындағы тыныштықтың шырақшысы ол әйел. Олардың қоғамда алар орны өте ерекше.
Акция барысында жалпы отбасылық құндылықтарды дәріптеп, татулық пен сыйластықты насихаттау басты назарға қойылған. Өйткені шаңырақтағы ынтымақ-елдің бірлігімен берекесінің кепілі. Ата-ананың арасындағы сыйластығы, баланың болашаққа сеніммен қарауына жол ашады. Отбасымен бірге өткізген сәттерді бағалап, отбасыныңға бар мейіріміңізді бөліңіз қорғаңыз дегім келеді.
Арал АПб ЖПҚб ОТЗЗҚКт-ның
инспекторы полиция майоры
Сурет: azattyq-ruhy