Облыс орталығынан ақжолтай хабар жетті. Ұлттық мәдениетті сақтау және ұрпақтар сабақтастығын жаңғырту мен жас буын арасында үздік мәдени тәжірибелерді ілгерілету мақсатында өткен «Әжем айтқан ертегі» атты облыстық байқауда аудан абыройын асқақтатқан кітапхана саласының ардагері, аудандық аналар кеңесінің мүшесі, аудандық білім бөлімі ата-аналар комитетінің төрайымы Ранай Сатаева жүлделі І орынды еншіледі. 
Жалпы саны 13 әже бақ сынасқан рухани танымдық байқау екі кезең бойынша өтіп, үш жүлдегер анықталып, 10 әжеге түрлі номинациялар табысталды.
"Толқын" ақпарат