Мобильді қабылдау өткізілді

Қабылдауға партия аудандық филиалының төрағасы Базарбай Шөменұлы Төрахметов, Атқарушы хатшы Талғат Мырзағұлұлы Қанатов, фракция мүшелері Нұрсәуле Сайлауқызы Ембергенова және Ардақ Қанибайұлы Төлебаев қатысып, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Азаматтар негізінен әлеуметтік мәселелер және жұмыспен қамтуға қатысты сұрақтар қойды. Партия өкілдері әрбір өтінішті жеке қарастырып, заң аясында түсіндірмелер берді. Қажетті мәселелер бойынша жауапты органдарға ұсыныстар жолданатын болды.
Мобильді қабылдаудың басты мақсаты – халықпен тікелей байланыс орнатып, олардың өзекті проблемаларын шешуге ықпал ету. Осы бағыттағы жұмыстар “AMANAT” партиясының күн тәртібінен түспей, алдағы уақытта да жалғасын таппақ.