Демалыста күн суытады

Қазақстанның солтүстік жартысына солтүстік-батыс циклоны әсер етеді. Жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 28-29 қыркүйекте жаңбырдың арты қарға ұласуы мүмкін. Ал еліміздің оңтүстік жартысына оңтүстік циклон әсер етеді, десе де найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.
Ауа температурасы:
елдің батысында: түнде +3…+8 °C, күндіз +10…+18-ден +13…+22 °C-қа дейін көтеріледі;
оңтүстік-батыста: түнде +10…+15-тен +7…+12 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +13…+18-ден +18…+23 °C-қа дейін көтеріледі;
солтүстік-батыс және солтүстікте: түнде +3…+13 °C-тан –1…–6 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +10…+15 °C-тан +3…+10 °C-қа дейін төмендейді;
Павлодар облысы мен орталықта: түнде +5…+15 °C-тан +2…+7 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +22…+28 °C-тан +7…+18 °C-қа дейін төмендейді;
шығыста: түнде +2…+10 °C-тан +7…+15 °C-қа дейін құбылады, күндіз +25…+30 °C-тан +20…+25 °C-қа дейін төмендейді, өңірдің солтүстігінде +10…+15 °C;
оңтүстікте: түнде +9…+18 °C-тан +5…+13 °C-қа дейін төмендейді, күндіз +22…+32 °C-тан +15…+28 °C-қа дейін төмендейді;
оңтүстік-шығыста: түнде +10…+15 °C, күндіз +23…+30 °C.
Фото: Нұрболат Нұржаубай