Жарқ етіп шықтың қас қағымда...

Нұрсұлтан Дәуірханұлы 1998 жылы 1 шілдеде Сазды елді мекенінде дүниеге келген. 2004 жылы Ж.Түленбаев атындағы орта мектепке оқуға қабылданып, 2015 оқу жылында түлеп ұшты.
Сол жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата атындағы мемелкеттік университететінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша оқуға түсті.
2019-2020 жылдары Қызылорда облысы Кәсіпкерлік басқару басқармасында жұмыс істесе, 2021-2024 жылдары Арал аудандық Жастар ресурстық орталығында қызмет атқарып, «Жас толқын» еріктілер қоғамдық бірлестігінің жетекшісі болды.
2024 жылдың тамыз айынан Абай облысы 108/10 әскери бөлімінде қаржыгер қызметін атқарды.
Жас та болса, бас бола білген азамат 2022 жылы Арал ауданы әкімі М.Оразбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған. Қазақстан Республикасының Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастырған «Текті ізгілікті оят» халықаралық волонтерлар форумына қатысып Қазақстан Республикасының ақпарат және Қоғамдық министрі Д.Қыдырәліден арнайы куәлік иегері атанды. Арал ауданында алғаш ұйымдастырылған «Арал Инвест» форумында үздік жобамен жүлделі ІІІ орын алған.
Қызылорда облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастырумен барлық аудан жастары қатысқан шарада «Жыл волонтері» номинацияның иегері болды.
«Аманат» партиясының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында және әлеуметтік желілердегі парақшаларды дамыту бағыты бойынша ұйымдастырылған СММ курстарын тәмәмдаған.
Негізгі мақсаты салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, жастар арасында спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ елге еңбегі сіңген азаматтың жарқын бейнесін жас ұрпаққа үлгі ету болған аталмыш шараға аудандық мәслихат депутаты Еркебұлан Аяғанов, жастар жанашыры Әлібек Ізбасаров арнайы қатысты.
Сайысқа жас спортшылар қатысып, боз кілем үстінде өз шеберліктерін көрсетіп, тартысты белдесу өрбіді. Жарыс барысында қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасып, достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік алды.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Өмірден озғанына жыл толған азаматты әріптес достары:
– Нұрсұлтан өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, еңбекқор жан болатын. Ұжымда әрдайым өз беделімен, ізденімпаздығымен және қарапайым мінезімен сый-құрметке ие болды. Ол жанындағыларға жылулық сыйлап жүретін шынайы дос, сырлас, ақылшы еді.
Әріптестері арасында әділдігімен, сабырлылығымен және ашық көңілімен есте қалды. Қиын сәттерде қолдау білдіріп, қуанышты кездерде бірге шын жүректен қуана білетін.
Нұрсұлтанның өмірден өткеніне сену әлі де қиын. Оның орны толмас, бірақ артында қалған жарқын бейнесі, атқарған еңбегі және жүрекке жылу сыйлаған естеліктері бізбен мәңгі қалады, – деп еске алады.
Г.ӘЛНИЯЗИНА