Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағайындау

Тағайындау

Арал ауданының қоғамдық даму бөлімі басшысының 2023 жылғы 25 сәуірдегі бұйрығымен, Арал аудандық жастар ресурстық орталығының директоры лауазымына Есеев Ақтілек Алтынбекұлы тағайындалды.
Ақтілек Алтынбекұлы 1990 жылы 13 маусымда Сексеуіл кентінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 2011 жылы «М. Тынышбаев» атындағы Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжін «Теміржол көлігіндегі автоматика және телемеханика», 2021 жылы Шымкент қаласындағы Халықаралық «SILKWAY» университетін «Спорт және денешынықтыру» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2013 жылы «Қамқор Жылу» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Сексеуіл бөлімшесінде машинист болып бастаған.
2015-2017 жылдары «Сексеуіл жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
2017 жылдан бастап осы кезге дейін Арал аудандық жастар ресурстық орталығының маманы қызметін атқарып келді.

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
27 сәуір 2023 ж. 220 0