Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық отбасын қолдау орталығының директоры тағайындалды

Арал аудандық отбасын қолдау орталығының директоры тағайындалды

Арал аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының 2023 жылғы 25 сәуірдегі бұйрығымен, Арал аудандық отбасын қолдау орталығының директоры лауазымына Өтегенов Әділжан Жеткергенұлы тағайындалды.
Әділжан Жеткергенұлы 1971 жылы 25 ақпанда Арал ауданы, Қамыстыбас ауылдық округінде дүниеге келген.
Білімі жоғары, 1994 жылы Қазақ ұлттық университетін «Металлург-инженер», 2008 жылы Қазақстан инженерлік-экономикалық университетін «Экономист» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Арал аудандық салық инспекциясының салық инспекторы болып бастаған.
2001-2011 жылдары «Абылайхан», «Айнакен» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің меңгерушісі, техникалық директоры және Арал аудандық статистика басқармасының маманы;
2011-2018 жылдары Арал аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы, директорының орынбасары;
2018 жылдан бастап осы кезге дейін Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының директоры қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.
Арал аудандық отбасын қолдау орталығы аймақ бойынша алғаш рет ашылып отыр.
Орталық қызметінің мақсаты қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарды яғни отбасыларды қолдау және оларға кешенді қызметтер көрсету бойынша функцияларды жүзеге асыру болып табылады.
27 сәуір 2023 ж. 477 0