Көлікті алкогольдік масаң күйде жүргізудің салдары

Сотта анықталғандай, А. көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарып, кәмелет жасқа толмаған Қ-ның басқаруындағы велосипедке соғып, жәбірленушінің денсаулығына қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері жоқ зиян келтіруге әкеп соққан әрекетті жасаған.
Медициналық куәландырудың қорытындысына сәйкес жүргізуші ауыр дәрежелі алкогольді масаң күйде болған.
Сот отырысында оның құқық бұзушылық әрекеті сотта зерттелген іс құжаттарымен толық дәлелденген.
Сот қаулысымен А. жасаған құқық бұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, оған 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жаза тағайындалған.
Арал аудандық соты
Фото: Нұрболат Нұржаубай